Кентау қаласы Иассы ауылдық округінің тұрғыны Үміт Жүсіпбаев бірнеше кәсіптің түрін игеріп, бүгінде ісі өрге домалаған кәсіпкер. 8 жылдан бері жылыжай шаруашылығын қолға алып, онда көгөністің бір емес, бірнеше түрін егуде. Қияр, қызанақтың сапалы сорттарынан өнім алып, жан-жаққа тасмалдауда, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ шаруа иесі өңірде сирек егілетін үш гектарға жылыжайға лимон бауын отырғызған. Бүгінгі таңда лимон бауынан 30-40 тонна өнім жинайды. Өнімдері Түркістан облысынан бөлек, Шымкент, Қызылорда өңірлеріне жөнелтілуде.
Ал, 2.50 гектарға жерге еккен алма бауынан жылына 250-270 тонна өнім береді. Сорты бөлек алманы Кентау, Түркістан қалаларының базарларына жіберіледі.
Кәсіпкердің шаруасының ерекше бір түрі балық шаруашылығы. Жасанды көлдегі балық шаруашылығы 2017 жылдан бастап қарқынды жұмыс жасауда. Шардара ауданынан шабақтарды алдырып, жасанды көлде өсіріп-баптап, халықты балық өнімімен қамтамасыз етуде.
© DIDARBEK.kz