Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІРНЕШЕ ӨНІМ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

БІРНЕШЕ ӨНІМ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округінде «Тұран» ШҚ халыққа қызмет жасайды. Меншік иесі Хабибулла Азимов. Аталмыш шаруақожалық 1984 жылы құрылған. Бүгінде кәсіпкер өнімнің бір емес, бірнеше түрін өндіреді, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Нысанның жалпы жер аумағы – 413 га. Шаруа қожалықтың негізгі кәсібі мақта өңдеу, сүт өнімдерін өндіру, мақта сорттарының тұқымын өсіру. Мақта шитін өңдеу арқылы өсімдік майын шығарады. Өсімдік майынан қалған қалдық арқылы мал азығы күнжара да жасалынады. Сонымен қатар, мақтаның Түркістан және басқа да сорттарының тұқымын өсіріп, шаруаларды мақта тұқымымен де қамтамасыз етеді.

2016 жылдан бастап Сүт өнімдерін өңдеу цехы іске қосылған. Сүт өнімдерін күніне 40 тоннаға дейін өңдеуге мүмкіндігі бар. Цех замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі таңда күніне 16-20 тонна сүт өнімдерін өңдеп, Түркістан облысы аумағындағы қалалар мен елді-мекендеріне сатылымға шығарылуда.
Ауылдың 30 жуық тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу