Түркістан облысында 2018-2019 жаңа оқу жылында 1 381 балабақша, 907 мектеп және 94 колледж жұмыс істейтін болады. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл білім беру нысандары 4-уге артқанын көруге болады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді. Оның сөзінше, өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. «Ағымдағы ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысында жыл басынан бері 7 орман өрті тіркелген. Қазіргі таңда төтенше жағдайлардан келтірілген жалпы материалдық шығыны анықталуда. Осы сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Бақытжан Запаров өңірлік коммуникациялық қызметіндегі баспасөз жиынында мәлімдеді. Оның сөзінше, аймақ басшысы Ж.Түймебаевтың жазғы өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағында ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮЗІЛЕДІ
Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамасы түзіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен селекторлық жиында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдеріне айтып, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ендігі кезекте облыстың экономикалық драйвері ауыл шаруашылығы саласы екенін алға тартқан әкім саланы мықтап қолға алу қажеттілігін міндеттеді. Күн тәртібі бойынша «Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2021 жылдардағы (АӨК) даму ...
Толығырақ »Облыс әкімі жылыту маусымына дайындық шараларын жіті бақылауды тапсырды
Облыс әкімдігінде жаңа оқу жылының басталуына дайындық жұмыстары туралы өткен селекторлық мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облысында 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысы сөз болды. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайымның баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, бюджеттік мекемелерде, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда қазандықтарды дайындау, жылу жүйелерін шаю, тазалау, гидравликалық сынақтан өткізу ...
Толығырақ »Түймебаев Тамыз кеңесін жоғары деңгейде өткізу жөнінде тапсырма берді
Облыс әкімдігінде өткен селекторлық мәжілісте 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық жұмыстары талқыланды. Дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірдегі білім ұяларын жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындау бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде өңірдегі 1289 білім беру мекемесінде қысымдау және гидравликалық сығымдау жұмыстары қолға алынған. Жалпы 849 білім беру нысандарына 131863 тонна ...
Толығырақ »Түймебаев ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен селекторлық жиында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдеріне айтып, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ендігі кезекте облыстың экономикалық драйвері ауыл шаруашылығы саласы екенін алға тартқан әкім саланы мықтап қолға алу қажеттілігін міндеттеді. Күн тәртібі бойынша «Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2021 жылдардағы (АӨК) даму бағдарламасының» 2018 жылдың 6 айының қорытындысын жасаған облыстық ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АСТАНАНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Түркістан облысындағы Астана қаласының мәдени күндеріне арналған «Астанадан ақ тілек» гала-концерті өтті. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараны Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы мен Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мұхамбеталина Нарима Абылқызы құттықтау сөзбен ашып берді. Концертте Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, ...
Толығырақ »БАТЫРЛАР РУХЫН АСҚАҚТАТАР КӨРМЕ
Түркістанда Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының өмірі мен қайраткерлігіне арналған «Қазақта Кенекемдей ер өтпеген…» көрмесі өтті. Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы болғаны белгілі. Тәуелсіздік жолында бүкіл өмірін сарп еткен хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Кенесары ...
Толығырақ »Түркістан-Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылмақ
Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құрмақ. Екі көне шаһардың арасында саяхатшыларды тасымалдайтын Түркістан-Ташкент, Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылып, екі елдің туроператорлары Халықаралық көрмелерде бір стендте бірлесіп қатысатын болады. Мұндай келісімге «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық орталығы Ташкент қаласында ұйымдастырған «Жібек жолындағы туризм – WorkShop» іс-шарасы аясында қол жеткізілді. Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков бастаған делегатция мен ...
Толығырақ »Астана қаласы — Түркістан облыстарының өңіраралық ынтымақтастығы
Бүгін Түркістан қаласында «Астана қаласы — Түркістан облыстарының өңіраралық ынтымақтастығы» тақырыбында іскерлік кездесу өтті. Елорданың 20 жылдығына орай, «Қазақстанның өңірлеріндегі Астананың күндері» шеңбері аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты — Түркістан облысының бизнес-қоғамдастығы мен өңірлік даму институттарымен тәжірибе алмасу болып табылады. Сонымен бірге, жергілікті кәсіпкерлердің Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерімен, туристік әлеуетімен, табысты жүзеге асырылып жатқан шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі өңірлік ...
Толығырақ »Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасы жұмыс істейді
Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген. Бұл өңірдің белсенді пайдаланушыларының 6,8 пайызын құрайды. Жалпы көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. Оның айтуынша, мобильді қосымшаның көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНҒА АУМАҚТЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШТІ
Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі — Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады. Яғни, Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Тілегенов пен қала әкімі Ә.Өсербаев қатысты. Салтанатты жиналысты ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНҒА КӨШЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК
Кеше Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың қызметкерлерімен кездесті. Жиында әкім Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісіп, көшіп баратын қызметкерлерге заң талаптары шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың түрлеріне түсіндірме беріп өтті. Әкімнің айтуынша, Түркістан қаласына көшіп баратын мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысына 20 пайыз қосылып, жұмыс кезеңі үшін төленетін жыл сайынғы ...
Толығырақ »Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда
Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы брифинг өткізілді. Брифингте облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Қазіргі таңда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша 46 жоба, 168 ...
Толығырақ »ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨМІРДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Түркістан облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараевтың мәлімдеуінше, облыс бойынша 456639 бала саны мен 901 жалпы білім беру мектептері бар. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 901 жалпы білім беру мектептерінде «Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беру бағдарламалары бойынша бастауыш, орта негізгі, жалпы орта білім беру мекемелерінде құжаттар өткізу және қабылдау» қызметін автоматтандыру енгізілетін болады. Сондай-ақ, ...
Толығырақ »БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ СУРЕТШІЛЕРІ БІРІГІҢДЕР!
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және облыстық Бейнелеу өнері музейінің қолдауымен, Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тау самалы» демалыс аймағында «КАSKASU» халықаралық суретшілерінің плэнері басталды. 5 күндік іс-шара барысында 6 елден келген 26-ға тарта қылқалам шеберлері 100 өнер туындысын жасап шығарады деп күтілуде. Плэнерге Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбе кстан, Әзірбайжан және Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ДЕМАЛЫС ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Түркістан облысында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь мен 905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда. Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды барлық сауықтыру және демалыс шараларының түрлерімен қамту 95-ға пайызға жетпек. Бұл туралы Түркістан облыстық баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінгі таңда 4 ауысыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды. Ал ...
Толығырақ »ДҰРЫС ТАҢДАУ
Бүгін Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Конференцияда партия жұмысын жаңғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды. Жиында Мәулен ...
Толығырақ »МУЗЕЙ ТАРИХЫНАН КӨРМЕ
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Архив музей хақында» тұрақты көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты — музей архивінде сақтаулы құжаттар мен фотосуреттерді жұртшылыққа насихаттау, әрбір құжат тарихынан ақпарат беру. Шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері мен Ясауидің тарихын зерттеуші, шежіреші түркиялық қонақтар мен қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. ...
Толығырақ »«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының үшінші кезеңі өтуде. Осыған орай, Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық экспедициясы эстафетасын Жамбыл облысынан Түркістан облысына қабылдап алу рәсімі өтті. Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДЕ АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысындағы төлебилік шаруалар төрт мың гектарға егілген жаздық бидайды оруды бастады. Жалпы ауданда 14 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Ал 6 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 16 центнер болады деп күтілуде. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың бірі Кемеқалған ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» ...
Толығырақ »ТЫНЫШБАЕВ САЛДЫРҒАН ТУННЕЛЬГЕ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Түркістан облысында М.Тынышпаев салдырған туннельге тақта оннатылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылының тұсында 1 ғасырдан аса тарихы бар теміржол туннелі бар. Онда көрнекті Алаш қайраткері, тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың қолтаңбасы қалған. Деректерге сүйенсек, Мұхамеджан Тынышбаев 1915-1916 жылдардағы қиын-қыстау заманда туннельді салуға өлшеусіз үлес қосқан. Алаш қайраткерінің басшылығымен Ресейдің теміржол құрылысшылары ...
Толығырақ »ҮКАША АТАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ
Түркістан қаласының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Серт ауылында орын тепкен Үкаша ата кесенесі мен құдығы исі мұсылман баласына түрлі аңыз-әңгімелер мен қасиеті арқылы мәлім. Жылдың қайсы мезгілі болса да мұнда ағылып келушілердің қарасы қалың. Жылдан-жылға зиярат етушілердің де қатары ұлғайып келеді. Тарихи жерге тек қазақстандықтар ғана емес көптеген шетелдік туристер де ынталы. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ...
Толығырақ »СОЛТҮСТІКТІ ТАҢДАЙТЫН ТҮЛЕКТЕРГЕ 6 МЫҢДАЙ ГРАНТ БӨЛІНДІ
Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті екендігі айтылады. Осыған орай, ҚР Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» («Серпін») атты жобасын ұсынған болатын. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 4 жылда Түркістан облысы бойынша жоғары оқу орындарында – 6490, колледждерде – 1938 жас білім алуда. Демек, бағдарлама аясында білім алып жатқан ...
Толығырақ »Түркістан облысында Аумақтық қорғаныстың арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті
Түркістан облысының орталығындағы 74884 әскери бөлімінің оқу полигонының базасында аумақтық қорғаныс бөлімшесінің жергілікті әкімдіктің, ұйымдардың, қызметтік мекемелердің қатысуымен сапалы жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мақсатында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Далалық лагерде өткен арнайы-тактикалық оқу жаттығуына Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Аумақтық қорғаныс Бас басқармасының әскерилері жетекшілік етті. Бұл шараның өтуіне Түркістан облыстық ішкі істер басқармасының арнайы тобы, «Күзет» мамандандырылған күзет қызметі, жергілікті полиция ...
Толығырақ »