Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде ҚР Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен алқалы жиын өтті. Мәжілісте өңірдегі ауыл шаруашылығы жерлерін суару және шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері қаралды. Басқосуға облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева және министрліктің комитет төрағалары мен Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтық инспекция басшылары, жергілікті шаруа қожалық иелері қатысты. ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
ОҚО ӘКІМІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Бүгінде Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігінің нәтижесінде Қазақстан армиясының жаңа ...
Толығырақ »ОҚО-да «Burabay Summer Fest» фестивалі өтті
Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония залында «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты- еліміздің әрбір облыс, аудандарындағы дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттілігін дамыта отырып, орындаушылық шеберліктерін шыңдау, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, ...
Толығырақ »ИГІ ІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
Ордабасы ауданындағы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің жас та жаңашыл директоры Гүлнұр Сүлейменованың бастамасымен ауыл азаматтарының басы қосылып, «Туған жерге тағзым!» акциясы өтті. Акция нәтижесінде оқу ордасының ауласында алақандай ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанған 200 ардагердің есімі қашалған ескерткіш бой көтеріп, мәңгілік алау жағылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуына Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков, ауыл ардагерлері, аудан мен облыс зиялы қауым ...
Толығырақ »Түркістан және туризм
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы аумағында орналасқан Укаша ата, Гауһар ана кесенелері және Сауран қалашығы ескерткіштеріне тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Аталған шараны Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Экскурсияның басты мақсаты -тарих, география және мұражай ісі мамандығы бойынша білім алушы болашақ гид-экскусоводтарды ескерткіштермен (тарихы, аңызы және орналасқан жері) ...
Толығырақ »ОҚО-ДА 870 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛАДЫ
Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында 870 374 азамат жалпы зейнетақы мен арнайы әлеуметтік төлем алады. Олардың қаржы қажеттілігіне ай сайын 24,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Темірбаева мәлімдеді. Жиын барсында департамент басшысы 2018 жылдан бастап арнаулы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы жеңіс» мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары С.Үркімбаев барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Шара барысында Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының ұстаздары мен оқушылары тарих үшін маңызы зор айтулы күнге орай әзірлеген театрландырылған көрініспен көрерменге патриоттық сезім сыйласа, ...
Толығырақ »ОТЫРАР МУЗЕЙІ «МУЗЕЙ ТҮНІН» ӨТКІЗЕДІ
Тарихтан сыр шертетін сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырғалы отыр. 18-мамыр күні Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары Халықаралық музей күніне орай «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясына қатыса алады. Осы күні Отырар мемлекеттік ...
Толығырақ »Түркияда «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды
БҮГІН Түркия Республикасының Кастамону қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды. Түркі жұрты бас қосқан тарихи шараға Кастамону қаласының әкімі Тахсин Бабаш пен ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымы бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы қатысып, көрменің салтанатты түрде лентасын қиды. «Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік ...
Толығырақ »ОН ҮШ – СИҚЫРЛЫ САН…
Иә, еліміздің 13-өңірінде жайғасқан ауыл шаруашылығына орта буын мамандар дайындайтын іргелі он оқу орнының бірі – Шымкент аграрлық колледжінің он үшінші директоры болып білікті маман, ұлағатты ұстаз, заңгер, педагогика ғылымдарының магистрі, «Нұр Отан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының төрайымы Гауһар Алпысбайқызы Бекбергенованың тағайындалғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, осы қысқа мерзім ішінде атқарған сан алуан шаруалары шаш етектен екеніне көз жеткіздік. Бардық, ...
Толығырақ »ТАШКЕНТТЕ ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІК ОРНАЙДЫ
Генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші бұрынғы орнына қайтарылатын болды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавқат Мирзияев мәлімдеді. 2011 жылдың қысында Гафур Гулямның саябағына орнын ауыстырған ескерткіштің қайта орнына оралуы – тарихи әділеттіктің орнауы деді көрші мемлекет басшысы. «Бұл істі 9-мамырға дейін аяқтасақ, жөн болар еді», – деді ол. Ескерткіш 1981 жылы Сабыр Рахимов ауданы хокимиятының алдында ашылған болатын. 2010 жылы бұл ...
Толығырақ »ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ОҚО КӨШ БАСТАП ТҰР
Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылғы көктемгі мерзімде 2 мыңға жуық азамат әскерге аттанады. Бұл еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда 2 немесе 3 есеге дейін артық. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Т.Әліқұлов мәлімдеді. Департамент басшысы әскерге баруға ұмтылатын жастардың қатары артып келе жатқанын айтады. «Әскерге сұранып тұрған жастардың қатары өте көп, бізді ...
Толығырақ »ОҚО ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында соғыс ардагері Мұраталы Төлепбергенұлын Ұлы Жеңіс күнімен арнайы құттықтап барып, сый-сияпат жасады. Өңір басшысы қарияға екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жанкешті ерлігі мен еңбегі үшін алғыс айтып, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түскен майдангерге мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Майдангер өзін құттықтай келген аймақ басшысына алғысын білдіріп, өзінің ақ ...
Толығырақ »ИНВЕСТОРЛАР ОҚО-ДА ҚОРҒАСЫН ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясы Үкіметі өкілдігінің басшысы Чэн Хэ бастап келген инвесторлармен кездесті. Бас қосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты арттыру, бірлескен жобалар құрып, облыс аумағында кәсіпорындар ашу жайын талқылады. Кездесуде облыс әкімі қонақтарды өңіріміздің экономикалық әлеуетімен таныстыра келе, өндіріс орындарын ашуға ниетті инвесторларға барынша жағдай жасалатынын жеткізді. «Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан ...
Толығырақ »«ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ» ШЫМКЕНТТЕГІ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН РЕТТЕМЕК
Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы тіркелген автокөліктердің саны 500 мың бірліктен асып жығылады. Осыған байланысты, облыс көлемінде, соның ішінде Шымкент қаласындағы жол-көше желілері мен көлік ағындарын басқару мәселесін шешу мақсатында интеллектуалды көлік жүйесі ендіріле бастады. «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылатын болады. Осы жаңа жүйе бойынша «ақылды» бағдаршамдар орнату қолға алынып отыр. Олар кептеліс болмау үшін жүргізушілерді ...
Толығырақ »ОҚО-ДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында сыртқы сауда айналымының көлемі 478,7 млн. АҚШ долларын құраса, оның ішінде экспорт 224,8 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев селекторлық режимде өткен Үкіметтің отырысында мәлім етті. Өз баяндамасында аймақ басшысы биылғы жылы шетел нарығына шығарылған өнімдердің ішінде 168 млн. АҚШ доллары болатын тауар өңдеу өнеркәсібінің өнімі екенін атап өтті. Бұдан ...
Толығырақ »ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапханасында белгілі жазушы, Қазақстанның Халық батыры Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар ұлы — Қасым батыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға Түркістан қаласындағы кітапхана өкілдері, студенттер мен оқушылары және музей қызметкерлері қатысты. Аталған кітап көрмесінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорынан Қасым Қайсеновтің ерлігі туралы материалдар, оның шығармалары, туыстары мен достарының естеліктері және мерзімді басылым ...
Толығырақ »КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -2
Сондай-ақ, елдімекендерге табиғи газ тарту үшін жүргілізіп отырған құрылыс жұмыстары да отырарлықтардың көз қуанышына айналып отыр. Себебі, тарихта алғаш рет аудан тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Мамандардың сөзінше, Шәуілдір, Темір ауылдары биыл қатты отын жағудан құтылады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 558 млн теңге қаржы қаралған. Отырар ауданын табиғи газбен қамту бойынша 2014-2016 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 4 ...
Толығырақ »БИЛЕШІ, МЫҢ БҰРАЛЫП!
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, Астананың 20 жылдығына орай «Қиял әлемі» саябағында облыстық «Бұраң бел» би фестивалі өтті. Облыстық «Бұраң бел» би фестивалі аясында 500-ден аса бишінің қатысуымен Орыс драма театры алдынан бастап » Қиял әлемі» саябағына дейін шеру ұйымдастырылды. Фестивальге облысымыздың аудан, қалаларында үздік өнер көрсетіп жүрген 22 би тобы арнайы шеберлікті шыңдау дәрістеріне қатысты. Аталған ...
Толығырақ »ЖҮРГІЗУШІ, ЖОЛ БЕР!
Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Халықаралық жедел медициналық жәрдем күніне орай «Жедел жәрдем көлігіне жол бер» атты шара өткізілді. Шара барысында көлік жүргізушілеріне жедел медициналық көмек көліктеріне жол ашуды еске түсіру, халықтың санасына ой салып, шұғыл көмекке зәру науқастарды жедел түрде дəріханаға жеткізуде санаулы секундтардың маңыздылығын жеткізу мақсатында қала көшелеріне ескі үлгідегі жəне жаңа сары түсті ...
Толығырақ »ЗАМАНАУИ «SHYMKENT CITY» ЖОБАСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалық етуімен Қала құрылысы Кеңесінің отырысы өтті. Онда Шымкент қаласында іске асырылғалы жатқан «Shymkent City» іскерлік және тұрғын үй кешенінің жобасы талқыланды. Яғни, жаңадан бой көтеретін қалашықтың концепциясына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу жайы сөз болды. Жиында аймақ басшысы Шымкент қаласында халық санының өсімін ескере отырып, «Shymkent City» жобасының кейбір тұстарын қайта қарап шығу керек ...
Толығырақ »ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Оңтүстік Қазақстанның облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Әуелі «Нұрсәт» шағынауданындағы жаңа саябақтың құрылысын қадағалады. Қазіргі таңда гүлзарда шынар, талшын және қайың ағаштары егілуде. Алдағы уақытта орындықтар мен жарықшамдар, ротондар орнатылып, сан алуан гүл түрлері егіледі. Гүлзардың жалпы алаңы 2 гектар аумаққа жуықтайды. Сондай-ақ, демалыс аумағында шағын сәулеттік құрылымдар мен балалардың ойын алаңшаларын салу да жоспарланған. Кейін ...
Толығырақ »ЖӘРМЕҢКЕ ЖҮЗІМІЗДІ ЖАЙНАТТЫ!
Мамыр айы шымкенттіктерге молшылығымен басталғалы тұр. 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, «Даму» қоры, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы қазақстандық тауар өндірушілері – «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде төмен бағадағы тауарлар, ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер, қаланың ең мықты шеберлерінен қолөнер бұйымдары сатылды. Алғаш рет жұмыспен қамту ...
Толығырақ »STREET WORKOUT KZ ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАҒАН МУЗЕЙ
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен өтіп жатқан Street workout KZ бойынша эстафетаны қабылдап, қасиетті жұмадағы жұмыс күнін салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнап, бастамаға үн қосты. Бастаманың басты мақсаты – Қазақстандағы бұқаралық спортты насихаттау болып табылады. Street Workout – бұл көшедегі жаппай спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі. Арнайы техниканы талап етпейді: ...
Толығырақ »ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛДІҢ ТАРЛАНДАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары осы жылдың сәуір мен наурыз айларында Еуропа мен Азияның 9 мемлекетінде 22 концерт қойды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева мәлім етті. «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламамен шетелде өңірдегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері мен халықаралық ...
Толығырақ »