«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы аумағында орналасқан Укаша ата, Гауһар ана кесенелері және Сауран қалашығы ескерткіштеріне тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Аталған шараны Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Экскурсияның басты мақсаты -тарих, география және мұражай ісі мамандығы бойынша білім алушы болашақ гид-экскусоводтарды ескерткіштермен (тарихы, аңызы және орналасқан жері) таныстыру болып табылады
Арнайы саяхатқа М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы т.ғ.к. Г.Ә.Жанысбекова, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы туризм бөлімінің бас маманы Г.К.Бекмуратова және «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің инспекторы Ж.А.Әбсадық жетекшілік жасады. Танымдық басқосу барысында студенттерге экскурсия жүргізу технологиясы мен экскурсоводтардың топпен жұмыс жасау әдістері үйретіліп, тек ескерткіш тарихымен шектелмей жалпы Қазақстан тарихына қатысты деректерді кеңінен пайдалану қажеттілігі де баса ескертілді.
Болашақ гид-экскурсовод мамандарын даярлауда теориялық біліммен тәжірбиені ұштастырған мұндай тарихи-танымдық экскурсиялардың алар орны ерекше. Сондықтан аталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.