Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «ҚАЗАҚ ЕЛІ» КИНОТУЫНДЫСЫНЫҢ ІІ-МАУСЫМЫ

«ҚАЗАҚ ЕЛІ» КИНОТУЫНДЫСЫНЫҢ ІІ-МАУСЫМЫ

«Қазақ елі» кинотуындысының ІІ-маусымы, яғни «Алтын тақ» бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Иірсу ауылындағы, Тақиятөбе елді мекенінде басталды. Сондай-ақ, түсірілім ағымдағы жылдың маусым айына дейін Төле би ауданы мен Арыс, Ақсу өзендерінің бойында және Түркістан қаласында жалғасады.

Фильмді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» бағдарламасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ таспалауда. 

Қазір Түлкібас ауданы, Иірсу ауылындағы, Тақиятөбе жерінде көпсериялы фильмнің бірнеше эпизодтары таспалануда. Атап айтқанда, Қазтуғанның көші және Қобыландының шайқасы. Түсірілімге 500-ге жуық адам атсалысуда. 


Бас режиссер Рүстем Әбдрашовтың айтуынша, жаңа маусым ағымдағы жылдың желтоқсан айында кинотеатрлардан көрсетілетін болады.

Айта кетерлігі, фильмнің бұл маусымы 10 сериядан тұрады. Түлкібас ауданы, Иірсу ауылы маңындағы Тақиятөбе жерінде өтіп жатқан түсірілімге 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Сценарий авторлары: Смағұл Елубай мен Тимур Жақсылықов. Туындының бас режисері Рүстем Әбдірашев Оңтүстік өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи рөлі фильм үшін маңызды екендігін жеткізді.

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу