Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 111)

Қазақстан жаңалықтары

ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» ЖШС-і қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алғалы отыр. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан құрылыс жобасының барысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. «Алдағы жылы зауыт іске қосылса, 220 адамды жұмыспен ...

Толығырақ »

4,7 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 7 НЫСАН САЛЫНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 7 нысан бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде 2  балабақша мен 500 орындық емхананың құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұдан бөлек, 11 жобаға конкурс жарияланыпты. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы ...

Толығырақ »

«AZALA COTTON» ТОҚЫМА ИІРУ-ШИРАТУ ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Еліміздегі тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі — «OxyTextile» ЖШС-і  жұмыс аясын кеңейтті.  Бұл мақсатта «Azala Cotton» мен «OxyTextile» ЖШС-і  барлық мүліктік кешенін біріктіріп,  «Azala Cotton» ЖШС болып қайта құрылып отыр. Айта кетейік,  «Azala Cotton» ЖШС фабриканың қызметін қайта жандандыру бойынша 2017 жылдың наурыз айында инфрақұрылым, құрал жабдықтар және өндірістік циклді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген болатын. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ...

Толығырақ »

95 ТҮЛЕККЕ ЖОО-ҒА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді. Мектеп шәкірттерінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған қуаныштарымен бөліскен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев оқушыларға сәттілік тілеп, игі бастамаға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларын алғыс хатымен марапаттады. «Соңғы жылдары  қалыптасқан игі дәстүр бойынша  облыстағы  жоғары оқу орындары  сіздерге қол ...

Толығырақ »

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында өткен жиында алғашқы сөзді облыс әкімі Ж.Түймебаев бастап, Елбасының бұл мақаласы – ...

Толығырақ »

ОХО! ОҚО КӨШ БАСТАДЫ!..

Оңтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 30 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 30348 жұмыс орны ашылған. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша күнгей еліміздегі барлық облыстар ішінде көш бастап тұр. Ал ашылған жаңа жұмыс орындарына 4127 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасыпты. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары хабарлады. Тарқатып айтсақ, 2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәліметке ...

Толығырақ »

ЖЕРДІҢ ТӨРІ – ТҮЛКІБАС

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ...

Толығырақ »

ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҮШІН

Астанада, Ұлттық ғарыш орталығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен ғарыш саласының мамандарын сапа менеджменті жүйесі және ғарыштық өнім мен қызметтер нарығын талдау жөнінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарлары өтуде. Семинарлардың мақсаты – ғарыш саласының инженерлік-техникалық, ғылыми және басқа мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру арқылы ғарыш саласын кадрлармен қамтамасыз етуді дамыту. Бұл ретте семинарлардың негізгі міндеті ғарыш ...

Толығырақ »

«АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!» ШАРАСЫ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында Астана күні мерекесі қарсаңында «Асқақтай бер, Астана!» атты концерттік шара ұйымдастырылды. Шара шымылдығын түрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиналған жұртшылықты Астана күнімен құттықтап, елордамыз- Астана қаласынның 20 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан 23 жыл бұрын яғни 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңестің отырысында астананы ауыстыру ...

Толығырақ »

EXPO КӨРМЕСІН 2250 ОҚУШЫ ТАМАШАЛАДЫ

Шымкент қаласынан  Астанада өтіп жатқан айтулы халықаралық көрмеге оқушылардың тоғызыншы легі аттанып кетті. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер  маман  бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестірілуде. Саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойылды. Ондағы мақсат – Оңтүстік Қазақстан облысында жеміс-жидек сақтау қоймаларын салып, алма  бақтарын, өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамыту болып табылады. Шараға  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев,  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан  Сарыбаев, ...

Толығырақ »

ЖЕМІС-ЖИДЕК АГРОПАРКТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары осы аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Осы бағытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Жамбыл облысының әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ...

Толығырақ »

ҰШЫРЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮШЕЙДІ

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Роскосмос» ғарыш қызметінің мемлекеттік корпорациясы Ресейлік жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығымен және РФ зымыран-ғарыш өнеркәсібі мекемелерімен бірлесіп, а.ж. 14 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуы жоспарланған «Канопус-В-ИК» ғарыш аппаратымен «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының ұшырылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тарту өрт есебін, күшін және құралдарын күшейту жөнінде жұмыс жүргізілді. Қостанай және Ақтөбе облыстары әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен зымыран-тасығыштың ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ТАРТЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында студент жасақтары құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Жазғы демалыста 500 студент өңіріміздегі құрылыс нысандарында еңбек етіп,  мердігер компанияларға қолғабыс ететін болады.   Бүгін  бұл туралы Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен жұмыссыз жастарды еңбекке тарту мәселесі жөнінде кеңейтілген мәжілісте айтылды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев төрағалық еткен шарада  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен мердігер мекеме  басшылары және М.Әуезов атындағы ...

Толығырақ »

ЖОЛ АШЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды. Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Өзбекстан Республикасының вице-премьер министрі Улықбек Розакулов және Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен ҚР Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев ...

Толығырақ »

АТАМҚҰЛОВ ПРЕЗИДЕНТТЕН НАҚТЫ ТАПСЫРМА АЛДЫ

Елбасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізгі мақсаты озық ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш қызметін дамыту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету екеніне назар аударды. – Қазір бұл министрліктің құзырында бұған дейін түрлі ведомствоның қарауында болған салалар бар. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық инновациялық әзірлемелерді бірінші болып ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯЛЫҚТАРДЫ ТӘНТІ ЕТТІ

Түркия мемлекетінде VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі  аясында өткен «Қазақстан кеші» концертіне Оңтүстік Қазақстан облысының өнер тартуын арқалап 36 өнерпаз барып келді. Аталған делегаттардың топ жетекшілерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінде  баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Баспасөз конференциясына қатысқан облыстық мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғ. Шарафиева, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі С.Әбдірайымова, облыстық опера және балет театрының директоры  Ә.Нұрмаханбетов бауырлас ел ыстық ...

Толығырақ »

ОРАЗА АЙТЫНЫҢ САУАПТАРЫ

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, айт намазын оқу һижраның бірінші жылынан бастап шариғатқа енді. Әнес ибн Мәлік (р.а.) былай деп риуаят еткен: «Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде қала жұртының екі күн тойлайтын мейрамы бар еді. Пайғамбар (с.а.с.) олардан: «Бұл екі күн қандай күн?» – деп сұрағанда мәдиналықтар: «Бұл екі күнді жәһилиет дәуірінде осылай тойлаушы едік», – деді. ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ ОРАЗА АЙТЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті мұсылман бауырлар, жерлестер! Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылман қауымы Рамазан айымен қимай қоштасуда. Мұсылман қазақ халқы да қасиетті айды құлшылықпен, тақуалықпен өткізіп, Жаратқаннан елге жақсылық тілеп, дұға жасады. Күннің аптап ыстығына қарамастан, Алланың мейірімінен үміт етіп, ораза ұстады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) ораза тұтқан үмбетін Алланың үлкен сыйымен сүйіншілеген. «Кімде-кім Алла жолында бір ...

Толығырақ »

АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

Құрметті отандастар, бауырлар! Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Еліміздің мұсылман қауымы қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол ...

Толығырақ »

500 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ГАЗ КЕЛЕДІ…

Оңтүстікте биыл 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Нәтижесінде облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 357-ге жетеді деп күтілуде. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Қызылжар газ тарату стансасының жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Соңғы жылдары облыста 7 автоматты газ тарату станцияларының құрылысы  жүргізілді. Құрылыстың жалпы құны — 22,2 млрд. теңге. ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ-ТҮРІК БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Маусым айының басында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Түркия Республикасы, Кечиөрен ауданында оңтүстіктен бір топ делегация болып қайтқан болатын. Сол сапарға Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев бастаған жергілікті билік өкілдері мен өнерпаздарының қатысқанын хабарлаған едік. Осы игілікті шара түркиялық топтың оңтүстік өңіріне келуімен жалғасын тауып отыр. Тарқатып айтсақ, қасиетті Рамазан айының ...

Толығырақ »

ҚУАНЫШ АЙТАХАНОВ ЕСЕП БЕРДІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары мен зиялы қауым өкілдеріне депутаттық өкілетті мерзімі  аяқталуына  орай  есеп берді. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен барлық аудан-қалалардағы мәслихат хатшылары және БАҚ өкілдері  қатысты. Айта кетейік, Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов биыл 70 жасқа толғалы отыр.  Елге танымал қоғам қайраткері ғұмыр жолында ...

Толығырақ »

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

Қазақ халқы үшін атадан балаға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы қашанда айрықша мәнге ие. Себебі, кез келген адам алдыңғы аға буыннан көргенін көкейге түйіп өседі. Менің де құқық саласына деген қызығушылығым «Әке көрген оқ жонар…» деп қазақтың ғибратты тәмсілінде айтылғандай, әділеттің ақ туын көтерген ата жолынан бастау алады. Тегінде, құқық саласының кәсіби маманы болу деген ақжолтай арманның кірпіші сол отбасындағы тәлімді тәрбиеден ...

Толығырақ »

ТЕСТІЛЕУ – КЕСКІЛЕУ ЕМЕС!..

Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы Ұлттық бірыңғай тестілеутен  Шымкент қаласы мен Сайрам, Мақтарал, Сарыағаш, Созақ, Түлкібас, Бəйдібек, Қазығұрт аудандарының түлектері тапсырды. Оңтүстік Қазақстан облысында 32964 түлек оқуын аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни, 78,2 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Осының ішінде бүгін 4278 түлек сынақ тапсырып отыр. ҰБТ 20-27 маусым аралығында 4 лекте өткізілетін ...

Толығырақ »