2020 жылды 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраевтың берген ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда «Сордаба» қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су «ЦГК» каналына жиналды. Аталған каналдың ...
Толығырақ »Қазақстан жаңалықтары
ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ!
2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді. Облыстық маңызы бар Мырзакент –Жеңіс -Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктер жүре алмауда. Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері ...
Толығырақ »БІР ТУДЫҢ АСТЫНДАМЫЗ!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Алия перделер жеке ателье демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түліктер мен бетперделер таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде білім алып жатқан шәкірттердің жалдамалы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 300 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ БАЛАЛАР ҮЙІ ЖӘНЕ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ЖЕТКІЗІЛМЕК
Түркістан облысының әкіміӨмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылын еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелту қолға алынды. Міне бүгін осы тапсырма аясында Жетісай ауданынан 250 тоннаға жуық қырыққабат тиелген 10 жүк көлігі жолға шықты. Бұл орамжапырақтар «Дегдар» қайырымдылық қоры арқылы еліміздегі барлық балалар үйлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілмек. Бұдан бөлек, Жетісай ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар көпірдің құрылысымен аудан әкімі А. Әліқұлов арнайы танысты. «Әлем Транс Жол» ЖШС тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, құрылыстың сапасына назар аударды. Шымкент қаласы мен Төле би ауданын қосып жатқан өткелмен тәулігіне 7-8 мың көлік қатынайды. Сондықтанда аудан әкімі мердігерге көпірді уақытылы әрі сапалы етіп тапсыруды ескертті. © DIDARBEK.kz
Толығырақ »4 МАМЫРДАН БАСТАП…
Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңіне тіркеу басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңде бірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыпты жұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық, медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеу орталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сататын дүкендер, автожуу, май ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 5 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ
Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан азаматтардың қатары күн санап артуда. 1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жетісай ауданы, Асық ата кентінің 1971 жылғы, 1980 жылғы, 1970 жылғы, 1990 жылғы азаматтары және Жетісай қаласының ...
Толығырақ »НҰРБОЛ КЕТСЕ, НҰРЛАН КЕЛДІ…
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түлкібас ауданының әкімі болып Байғұт Нұрлан Мархабатұлы тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Алдағы уақытта жүзеге асыруды қажет ететін бірқатар маңызды жобаларға бағыт берді. Нұрлан Байғұт 1974 жылы 21 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, біліктілігі инженер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ГҮЛДЕНЕ БЕРСІН!
Құрметті қауым! Қадірлі Түркістан жұртшылығы! Сіздерді жыл сайын мамыражай мамыр айында келетін татулық пен бірліктің мерекесімен құттықтаймын. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің саяси әрі рухани мәні зор. Қазақ халқы ықылым заманнан бері мейірбандығымен, қонақжайлығымен, гуманистік көзқарасымен танылған. Ұлы дала елі тағдырдың жазуымен көшіп келген сан түрлі этностарды құшақ жая қарсы алып, қорған бола білді. Осы ізгі қасиет ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙДАН ЖЕТКЕН ЖЕДЕЛХАТ
Әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасындағы су қоймасының бір бөлігі бұзылуына байланысты „Жетісай ауданын су басу қаупі бар екен” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудан тұрғындарын үрейленбеуге және негізсіз әңгіме таратпауға шақырады. Сол себепті қауіптенуге ешқандай негіз жоқ екендігін ескертеміз. Және Жетісайды су басады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. © DIDARBEK.kz
Толығырақ »НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ – ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ордабасы аудандық мәслихатының келісімі бойынша Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Ордабасы ауданы әкімінің лауазымына Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ө.Шөкеев таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Аймақ басшысы жаңа аудан əкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті. Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы ...
Толығырақ »ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы мезгілсіз дүниеден озды. Мұқан Кеңесбекұлы бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ақ халатты абзал жан. Өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан білікті дәрігер, көреген басшы болды. Өз ғұмырында қаншама адамға қол ұшын созып, қамқорлық жасап келді. Мұқан Егізбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Білімі ...
Толығырақ »БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ
Жер-жаһанды жайлаған вирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде бірқатар құрылымдардың қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Солардың бірі әрі негізгісі індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина саласының мамандары. Бүгінде қалалық №5 емхананың медағасы болып жұмыс істейтін Айбек Жандарбек Шымкенттегі Қызылсу блок-бекетінде кезекшілікте тұр. Карантин кезінде рұқсат қағазы бар азаматтарды жіті бақылаудан өткізіп, арнайы құрылғылар көмегімен тексеретін маман қандай да бір ауру ...
Толығырақ »ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...
Толығырақ »ЕЛБАСЫ СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ОРАСАН
Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Елбасы айқындаған сарабдал саясатты ұстанып, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңестірдік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік. Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына тұрлаулы саясат пен ішкі бірліктің арқасында қол жеткіздік. Рухы биік, ...
Толығырақ »64 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған. Биыл тағы 64, келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды. Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. ...
Толығырақ »534 493 АДАМНАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН
2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...
Толығырақ »8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...
Толығырақ »ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...
Толығырақ »БІРЛІГІМІЗ БЕКИ БЕРСІН!
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. ...
Толығырақ »КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ
Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын! Мұқан Кеңесбекұлы өз қызметін абыроймен атқарып, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы өзі қызмет еткен денсаулық саласының заман талабына сай дамуына көп еңбек сіңірді. Артында қалған туған-туыстарына сабырлық, денсаулық тілейміз! © DIDARBEK.kz
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛАДЫ
Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...
Толығырақ »COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН АЙЫҚТЫ
30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...
Толығырақ »ТОЛЫҚТАЙ ШЕШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Еңбекші ауданындағы 16 тұрғын алаптың 11-де ауыз су мәселесі бар. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың Бадам-1 тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. Сондықтан, 2020 жылы аудандағы 2 мыңнан астам абонентке су тарту жұмыстарының жобалық сметасы әзірленіп жатыр. Егер құжат осы жылы дайын болса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспар ...
Толығырақ »КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір ...
Толығырақ »