ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орын тепкен ауданымызға биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай баршаңызды мерейтойымыздың қадірменді қонағы болуға шақырамыз.
Түлкібас ауданының 90-жылдық мерейтойының бағдарламасы
1. 26.09.2018 жылы сағат 11.00-11.30 аралығында Түлкібас темір жол станциясындағы М.Тынышбаев және Т.Рысқұлов ескерткішінің ашылу рәсімі.
2. 26.09.2018 жылы сағат 12.00-12.15 аралығында Т. Рысқұлов ауылының батыс жағында орналасқан көпірдің ашылу рәсімі.
3. 26.09.2018 жылы 12.20-13.00 аралығында қайта жөндеуден өткізілген Түркібасы әулие кесенесімен танысу.
4. 26.09.2018 жылы сағат 14.30-14.45 аралығында аудандық орталық саябақтың ашылу рәсімі.
5. 26.09.2018 жылы сағат 15.00-16.30 аралығында Түлкібас ауданы туралы ғылыми практикалық конференция (аудандық мәдениет үйі)
6. 26.09.2018 жылы сағат 17.10-18.00 аралығында Жанкент мөлтек ауданында орналасқан «Тұңғыш Президент» саябағындағы іс-шаралар (спорттық ойындар, көрме, қол өнер көрмесі, айтыс, алты бақан, «Жайдарман» ойындары)
7. 26.09.2018 жылы сағат 19.00-20.30 аралығында «Тұңғыш Президент» саябағында гала концерт.
8. 26.09.2018 жылы сағат 20.30-21.00 аралығында «Тұңғыш Президент» саябағында мерекелік от шашу.
9. 27.09.2018 жылы сағат 10.00-де аудандық атшабарда «Көкпар» ұлттық ойыны.
Түлкібас ауданының әкімдігі