Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МҮМКІНДІКТЕР ШЕКТЕЛМЕЙТІН БОЛСЫН!

МҮМКІНДІКТЕР ШЕКТЕЛМЕЙТІН БОЛСЫН!

Төлеби ауданында «Біз біргеміз» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасын табуда.  Бұл туралы Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, «Біз біргеміз» акциясы аясында Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Леңгір қаласы әкімі аппаратының мамандары тарапынан бірқатар жеке меншіктегі нысандар мен мемлекеттік мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимаратқа еркін кіріп-шығуына арналған қол-жетімділігіне талдау жасап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғасын табуда.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда кездесер кедергілер көп. Сондықтан да олар көбіне біздің қамқорлығыққа, ынталандыруға зәру.

2018 жылдың басынан ауданда мүгедектерге қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншіктегі нысандарға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, пандус орнатуға және табалдырықты жоюға жалпы 30 меморандум түзілді. Оның 14-і Леңгір қаласындағы кәсіпкерлік нысандар.

Пікір жазу