Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСТІКТЕР ЖЕТЕРЛІК, ЖЕТЕСІЗДІК ЖОҒАЛДЫ!

ЖЕТІСТІКТЕР ЖЕТЕРЛІК, ЖЕТЕСІЗДІК ЖОҒАЛДЫ!

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков Өңірлік коммуникация орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Ордабасы ауданында орындалу барысы туралы кеңінен әңгімелеген аудан басшысы, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды.

Үстіміздегі жылдың 4 айында инвестиция көлемі 1 миллиард 330 миллион теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімінің көлемі 5 миллиард 20 миллион теңгеге артыпты. «Ауданымызда жоспарға сәйкес 15 гектар жылыжай құрылысын салу жоспарланып, бүгінгі күнге 7,2 гектар жылыжай құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылы жоспар толық 100 пайызға орындалады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қарқынды су үнемдеуші технологиялары өндірілген егістік жердің көлемі 4524 гектарды құрады. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында тамшылатып суару әдісі 624 гектар жерге ендірілген», – деді Алмасбек Мамытбеков.

Қазіргі таңда ауданда мал бордақылайтын 278 алаң бар. Осы жылдың төрт айында 13 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Оның төртеуі ет, үшеуі сүт, алтауы егін шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2017 жылдың 4 айында ауылшаруашылық саласында 6 миллиард 346 миллион 300 мың теңгенің өнімі өндірілген. Жалпы 2016-2017 жылдары 23 ауылшаруашылық кооперативтері, 3 МТС құрылып, жұмыс жүргізуде. «Сейхун САТ Агро Систем» МТС жобасы қолға алынып, екі ауылдық округке (Қарақұм мен Қараспан) қарасты шаруашылықтардың көктемгі дала жұмыстарынан бастап, күзгі жиын-терім науқанына техникалық қызмет көрсетуде.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 9686 нысан. Осы құрылымдар бойынша жұмыспен 20852 адам қамтамасыз етілген. «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» бойынша жыл басынан 45 адамға 113 миллион теңге шағын несие беріліп, 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда 44 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 4 миллиард 623 миллион 972 мың теңге бөлінді. 2017 жылы ауданда 51 жол жөнделеді. Ауданда 2017 жылы құрылыс жұмыстары 2 миллиард 300 мың теңгені құрайды деп жоспарлануда.

Әсет Әссанди

Пікір жазу