Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Абдуалиев Қайрат Аманкелдіұлы бекітілген кесте бойынша, ауданның тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауын жүргізіп, өтініштерін тыңдады.
Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аудан әкімінің қабылдауында болған тұрғындар мектеп құрылысы, тас жол салу, ұялы байланыс жүйесінің антеннасын орнату, электр жарығы және коммуналдық пәтер алуға тұрған кезегін нақтылау бойынша өтінішіне алдағы уақытта жоспарға сәйкес тиісті жұмыстардың атқарылатындығын түсіндіріп өтті.
Жиында аудан тұрғындары әкімінге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, сала басшыларының нақты жауаптарын алды.
Қабылдау барысында, аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, кейбір мәселелерді шешу үшін тиісті ауылдық округ әкімі мен бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді, Аудан тұрғындарының көтерген мәселелері әкімдіктің тұрақты назарында болатынын, орындалуы бойынша қатаң қадағаланатындығын жеткізді.