Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан қаласына ресми сапары барысында әуелі Түркістан қаласының даму копцепциясымен танысып, салтанатты түрде жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың капсуласын салды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына шаһардың жоспарымен толыққанды құлағдар етті.  
Жаңа қалашықтың жалпы жер аумағы 25 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта қала аумағына қосымша жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын үйлер, театр, кітапхана, мұражай, мектеп, бала-бақша, стадион, емхана, саяқбақ сынды өзге де әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылымдық органдардың ғимараттары орналаспақ.


Жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың тұрғын үйге бөлінген жер аумағымен қосқандағы аумағы 670 гектарды құрайды. Ал әкімшілік іскерлік орталықтың жер көлемі 225 гектар болмақ.
Орталықтың құрылысының бірінші деңгейі 2019-2021 жылдарға жоспарланған.

Бұл уақыт аралығында жалпы аумақтың 20 гектары игерілетін болады. Құрылыстың алғашқы деңгейінде облыс әкімдігінің ғимараты (4545 шаршы метр), облыстық әкімшілік басқармалардың нысандары, (24 242 шаршы метр), республикалық аумақтық бөлімшелер (56 880 шаршы метр), Конгрес хол (15000 шаршы метр), «Түркістангенплан» орталығының (3000 шаршы метр) құрылысы толығымен аяқталатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу