Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Атадан балаға өнеге

Атадан балаға өнеге

Еліміздің елеулі мерекелерінің бірі – қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күніне, қазан айының алғашқы мерекесі қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күніне орай «Атадан балаға өнеге» атты мерекелік кездесу кеші орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №17 кәсіптік колледжінде өткізілді.

Іс-шара қонақтары Арыс қаласының құрметті ұстаз ардагерлері Танкеев Бейсенхан, Әбжаппар Нұрымбетов қызы ұстаз Дауылбаева Гүлмарал және зейнеткер кітапханашы Дәулетбаева Ұлмаш қызы Нұртаева Ләйлә қатысты.

Кеш №17 кәсіптік колледж студенттері мен С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларының орындауындағы ән-жырларымен тартымды өтті.

Жүздесу кешінің мақсаты оқырман бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне тәрбиелеу. Бала бойына рухани-адамгершілік, имандылық сияқты адамдық асыл қасиеттерді сіңіріп, адал еңбек жасауға үйрету.

Іс-шараға Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Арыс қалалық мұрағат мекемесі, мектеп ұстаздары мен колледж студенттері қатысты.

Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Пікір жазу