Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қариясы бар елдің – қазынасы бар

Қариясы бар елдің – қазынасы бар

1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Халықаралық Қарттар күні атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында қарияларымызға қандай құрмет жасасақ та артықтық етпейді. Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Жетісай ауданы әкімдігі мен жеке кәсіпкер Мұрат Байтелиевтің демеушілігімен «Алтын шаңырақ» мейрамханасында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында 150 қарияға арналып дастархан жайылып, құран оқытылып, ас берілді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жиында сөз алған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлы қарияларды төл мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматқа алғыс хат табыс етті.

Бүгінгі мерекелік дастарханға іріленген Мақтарал ауданында абыройлы еңбек етіп, ерекше қажыр –қайратымен көзге түскен ақсақалдар жиналды. Аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әсем әнмен қариялардың көңіл күйін көтерді. Шара соңында ақсақалдарға кәсіпкер атынан сый-сияпат көрсетілді.

Пікір жазу