Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАЙТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАЙТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам болып күресу қажет. Осы ұстанымды негізге алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі барлық мақсатты топтармен бірлесе жұмыс жасауда. Соның бір айғағы, а.ж. 28 тамыз күні Агенттік Төрағасының орынбасары О.Бектенов пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры А.Сұлтанов арасында Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы. Келісімге сәйкес, теміржол жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізетін «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылды. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірлерінде жобалық кеңсенің жұмыс топтары құрылды. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің, көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерінен, кәсіподақ орталықтарының, ішкі істер органдарының өкілдерінен құралған жұмысшы топ өз жұмысын бастады. Жоба аясында темір жол тасымалдарының тиісті жұмыс істеуіне және халықтың темір жол көлігіндегі қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін мәселелердің жойылуына ықпал ететін болады.

Жоғарыда көрсетілген жобалық кеңсені құрудағы басты себептердің бірі, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Агенттік жанындағы Арнайы мониторингтік топ өкілдерімен еліміздің барлық өңірлерінде «Жасырын сатып алушы» жобасы аясында теміржол саласы қызметіне мониторинг жұмыстарының жүргізілуі. Мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, ресми кассаларда билет болмағанымен, делдалдар арқылы билеттердің сатылуы, жолсеріктердің билетсіз жеткізу бойынша азаматтарға ұсыныс білдіруі, вагондардың бос бола тұра, билеттердің болмауы және т.б. Агенттіктің қоғаммен және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен кері байланыс орнатуы арқасында жоғарыда көрсетілген бірқатар мәселелердің шешімі табылды. Айта кетейік, аталған салада ұсыныстар мен ескертпелер бойынша «Адал жол» жобалық кеңсесіне (Астана қаласы, Д.Қонаев к,6), Call орталықтың 8702-447-74-02 нөміріне немесе «AdalZhol.kz@gmail.com» электронды поштасына жіберуге болады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу