Суреттерді түсірген Асхат Әсетұлы
Қазығұрт ауданы жылыжайлар бойынша басқа өңірлерден еш қалыспай келе жатыр. Тіпті, алдыңғы қатарда десе де, болатындай.
Тұрбат аулында тіршілік жасап келе жатқан «Сайдахмат ата» шаруа қожалығы 2010 жылы құрылған болатын. Онда 3 отбасы мүшелері – барлығы 25 адам еңбек етеді. Төрағасы Сайдрасул Саипов.
Қожалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. 5 гектар жерде қызанақ өсіріп келеді.
Ә.Ә.