2018 жылғы 17 қазан күні «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Н.Бұхарбаев пен С.Әуесханов, сондай-ақ Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов пен қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері (оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты арыз-шағымдар, ұсыныстар т.б.) бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – ол, азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты жақсарту, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, жою болып табылады.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында қызметті алушылармен қызметті көрсетуші тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жайлы мәліметтерге ие болса, жастар жағы болашақта мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен міндеттері жайлы мағлұматтар алды. Ал, Шымкент қаласының тұрғыны Искандер Құнанбаевтың өзінің өнер саласы бойынша кәсіп ашуға қолдау көрсету туралы өтініші қоғамдық қабылдау мүшелерімен қаралып, өтініші бойынша тиісті шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының кәсіпкерлік басқармасымен ОҚО кәсіпкерлер палатасына жолдау туралы келісілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов қоғамдық қабылдауға қатысушыларға мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтіп, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғанда өзін өзгертетін шешім қабылдайтынын, өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің басты міндеті халыққа қызмет көрсету болып табылатынын түсінулері қажет екендігін ескертті.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Н.Бұхарбаев қоғамдық қабылдауға қатысушыларға әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін, мемлекеттік қызметте кәсіби біліктіліктен басқа жеке қасиеттер де маңызды екендігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметші қызмет орнында әріптестер арасындағы қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта, жұрт алдында және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлегенде әдептілікті сақтау қажеттігін түсіндірді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, Департамент facebook жүйесіндегі мекен-жайы: facebook.com/depshymkent парақшасына және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болатыны жайында хабарландырылды.
Өз тілшімізден