Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » АССАМБЛЕЯ ҮШІН СӘТТІ КҮН!

АССАМБЛЕЯ ҮШІН СӘТТІ КҮН!

Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға» тақырыбымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті.

Жиынға өңірімізден 800-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде аудан, қала әкімдері, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, аудандар мен қалалардан келген делегациялар, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.
Сессия жұмысын ашқан Жансейіт Қансейітұлы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел алдына қойылып отырған мақсат-міндеттерге кеңінен тоқталып, осы бағытта облыстық ассамблеяның алда атқаратын жұмыстарын шегеледі.
— Үшінші жаңғырудың межесі – айқын, міндеті – белгілі. Ұлттық сананы қалыптастыруда ата дәстүрін жалғап, тілін, тарихын төрге оздырған, жарасты қоғам құрып, жасампаз еңбегімен ел қуатын арттырған оңтүстікқазақстандықтар Елбасы қойған мерейлі міндеттердің үдесінен шығады деген ойдамын, -деген өңір басшысы ән-бидің дәуірі өткен, бүгін ой жарыстыратын заман екеніне тоқталды. Облыста жұмыс істеп жатқан қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер де өңірдің әлеуметтік-экономикалық тынысын ашуға мүдделі болып, қызмет етуі керектігін алға тартты.
Сессия барысында облыстық ассамблея төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары болып облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили бекітілді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу