Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОТБАСЫЛАР МЕРЕЙІН АСҚАҚТАТЫП…

ОТБАСЫЛАР МЕРЕЙІН АСҚАҚТАТЫП…

Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында облыстық «Мерейлі отбасы – 2017» Ұлттық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша байқауға қатысушыларды аймақ басшысының атынан құттықтап, жеңімпаз отбасыларды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

«Оңтүстік жеріндегі даналықтың үлгісін танытқан, ғажайып ұрпақ сабақтастығын көрсеткен мереке құтты болсын! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Сол үшін басымды иемін!», – деген сөзі әр отбасына арналғандай. Халықты шексіз сүю, қасиетті шаңырақты құрметтеу – баршамыздың парызымыз. Отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі. Елбасы бастамасымен өткізіліп отырған бұл байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, өнегелі, тату шаңырақ иелерін насихаттау», – деді облыс  әкімінің орынбасары.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқаудың қорытындысы бойынша Шымкенттік Каналбай Сейілбекұлы мен Ордабасы ауданынан келген Омаш Шапаевтың жанұялары жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Сонымен қатар, оларға облыс әкімінің дипломы мен қаржылай сыйлық табысталса, қатысқан 28 отбасыға бағалы сыйлықтар мен облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
(Суреттерді түсірген Аят Әсетұлы)

Пікір жазу