Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖАРҚЫЛДАҒАН ЖҰЛДЫЗДАР ЖҮЗ ЖАСАСЫН!

ЖАРҚЫЛДАҒАН ЖҰЛДЫЗДАР ЖҮЗ ЖАСАСЫН!

Кеше кешкісін Түркістан қаласындағы Есімхан алаңында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Қазақстанның Халық әртісі, әнші Жамал Омарованың 105 жылдығына арналған XX-шы ТҮРКСОЙ Халықаралық Опера жұлдыздарының фестивалі өз шымылдығын ашқан болатын. Осынау игі шараны Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы және Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы ашып берді.

Түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, түркі елдерінің ұлттық операларын жаңғырта отырып бірлігін нығайту, түркі елдерінің қазіргі заман опера өнерінің жарқын өкілдерін таныстыру, олардың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған фестиваль жоғары деңгейде өткізілгенін айта кету керек. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры және көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаев халықаралық деңгейдегі жұлдыздар жарқылының бас дирижері болды.

Фестивальдің сәтті өтуіне белсене атсалысқан Қарақалпақстанның Халық әртісі, Өзбекстандағы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері Аида Абдуллаева және Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының бас дирижері Қуаныш Исмаилов опера өнерінің биік шыңын бағындыра білген шеберлер екендіктерін байқатты. Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан елдірі мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген опера жұлдыздары өз өнерлерімен фестиваль көркін арттыра түсті.

Қырғызстанның Еңбек сіңірген әртісі Әсел Бекбаева, Қарақалпақстанның Еңбек сіңірген әртісі Жеңісбек Пиязов, Түркия Республикасынан Халықаралық байқаулардың лауреаты Чанер Акгюн, Өзбекстаннан Халықаралық байқаулардың лауреаты Немат Хабибов, Астана Опера театрының солисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солистері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Талғат Күзембаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзат Дәуірбаева және Болат Бөкенов, облыстық опера және балет театрының жетекші солистері, ҚР Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлжан Раскалиева, Марат Оразметов, Ерлан Жандарбай, Мәдіхан Дүйсеев, Жұмабек Қаңтарбаев, Қаракөз Абдушарипова, Айдос Иманжаппаров, Қарлыға Бердияр және басқалары Түркістандағы опера фестивалінің нағыз сайыпқырандарына айналды.

Өз тілшімізден
(Суреттерді түсірген Асхат Әсетұлы және Азат Дидарбек)

Пікір жазу