Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС: ЖЕРГІЛІКТІ БЕЛСЕНДІ ТҰРҒЫНДАР ДА ЖҰМЫСҚА АРАЛАСТЫ

АРЫС: ЖЕРГІЛІКТІ БЕЛСЕНДІ ТҰРҒЫНДАР ДА ЖҰМЫСҚА АРАЛАСТЫ

Күннің ыстығына қарамай Арыс қаласында 17 секторға бөлінген аумақтарда қызу жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен штабтың жұмысына кіріскен Ұласбек Сәдібеков бүгін секторларды аралап, азаматтармен ақылдасты. Алдағы жұмыстарды жүйеледі.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазір әрбір облыс пен аудандар бекітілген штабтарда 2 бағытта жұмыс істеліп жатыр. Біріншіден, зардап шеккен үйлерді бағалау, есептеу қолға алынды. Соған сай жөнделетін болады. Екіншіден, тұрғындар арасынан әрбір 10 үйге 1 белсенді жетекші сайланып, елмен тығыз қарым-қатынас орнады. Бұл қадам елдің осындай жағдайда өзін-өзі басқаруына мүмкіндік беріп,ашықтықты қамтамасыз етеді.

Мәселен, Келес ауданына жауапты №12 секторда 624 отбасы енсе, солардың арасынан 62 жетекші өкіл белгіленді. Азық-түлік тарату, үйлерге бағалау жүргізу осы жетекшілерді қатыстыра отырып іске асады. Жалпы, Арыс бойынша 700-дей белсенді өкіл белгіленіп, жауапкершілікті арқалап, штабтармен бірлескен әрекетке көшеді.

Осы еріктілер арасында тапсырылған істі толық түсінбей немесе тәжірибесі жетпей жатқандары да бар. Ең бастысы, олар жергілікті атқарушы биліктің өкілдерімен бірлесіп,туындаған ортақ проблемаларды шешуге ұмтылуда. Азаматтық қоғамның бір көрінісі – осы.

 

Пікір жазу