Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен. 27 үй толықтай қайтадан салынады.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті. Олар тұрғын үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізіп, 435 үйге жөндеу жұмыстарын бастап кетті.
Бейбіт күнде баспанасынан безуге мәжбүр болған тұрғындардың үйін жөндеп беруге, барлық жөндеу жұмыстарын құруға және құрылымдауға еліміздің басқа облыс әкімдіктері де белсенді түрде білек сыбана кірісіп кетті.
Кұннің аптап ыстығына қарамастан құрылыс компаниялары жұмысты қызу жүргізуде. Осы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының арқасында Арыс қаласы қалпына келтіріліп, бірінші тамызға дейін пайдалануға беру тапсырмалары тағы бар. Ал ендеше, іске сәт!