Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЕКІ ТҮЛЕК ҰБТ-ДАН 139 БАЛЛ ЖИНАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЕКІ ТҮЛЕК ҰБТ-ДАН 139 БАЛЛ ЖИНАДЫ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-ның қорытындысы шықты. 22 -26 маусым күндері аралығында үшлегте өкізілен тестілеуге 1701 түлек қатысқан болатын.Шәкіттердің ҰБТ-ға қатысу пайызы 67,7 пайызды құраса, орташа балл 79,7 пайызға жетті. 490 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғары балл 139-ды құрады.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының 2 түлегі Гүлжайна Бейсенбай  мен Әсел Жүнісбекова ең жоғарғы 139 балл жинады. Бұдан бөлек, 151 шәкірт 120-дан жоғары, 339 оқушы 100-119 аралығында, 736 түлек 60 пен 99 аралығында балл жинаған. Нәтижесінде оқушылардың ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 65,07 пайызды құрап, өткен жылға қарағанда 2,87 пайызға өскен.

Айта кетейік, жалпы биыл Жетісай ауданындағы 70 мектепті 2626түлек бітірді. Олардың 1709-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, 1701 талапкер қатысты. Ал 8 оқушы ҰБТ-ға қатысудан өз еркімен бас тартқан.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасынасәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілді.

 

Пікір жазу