Арыс қаласында орын алған жағдайға барлық қазақстандықтар болып жұмыла білді. Жеке азаматтар болсын, мемлекеттік немесе басқа да заңды тұлғалар болсын, тіпті өнер иелері, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар да апаттық жағдайға бей-жай қарамай, дер кезінде қол ұшын созып, қолдау білдіре білді.
Осы орайда, Арыстағы апаттан зардап шеккен арыстықтарға бүкіл қазақстандық қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұдан бөлек «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд. 200 мыңнан астам қаржы жиналды.
Сондай-ақ, Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадан тікелей көрсетілімді www.barlau.kz/company/tx/ сайтынан көре аласыздар.