Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауарөндірушілер, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30 пайызға төмен бағада ұсынылды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардың даму басымдылықтарына сәйкес өндіріліп, жинақталған.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеге жеткізілетін ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі — 22,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 54,5 тонна, сүт өнімдерінің жалпы көлемі – 24,4 тонна, бақша өнімдерінің жалпы көлемі – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, әселдің көлемі – 2 тонна, балықтың көлемі – 5 тонна.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып,арыстықтарға өз концерттік бағдарламаларын ұсынды.Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға арналған жәрмеңке жалғасын табатын болады.

Пікір жазу