Қазіргі таңда апатты жағдайдан кейін Арыс қаласын қалпына жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Арыс қаласына келіп, құрылыс барысы және штаб жұмысымен танысты. Сапар барысында тұрғын үйлерді аралап, меншік иелерімен жүздесті.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жалпы Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 12-секторда зардап шеккен үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы және ұйымдастыру жұмысына Келес ауданы бекітілген. Бұл аумақта 789 тұрғын үй бар. Оның ішінде 472 үйге ақау актісі жасалып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге талап етеді. Қазіргі уақытта 50 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталды.
Қала тұрғындары құрылысты жедел жүргізіп жатқан ақтөбелік ағайынға алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, жасалып жатқан жұмыстар сапалы құрылыс материалдармен жүргізілуде.