Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған апатты жағдай бойынша қаланы қайта қалпына келтіру, тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары жалғасын табуда.
Бүгін Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Күзембаев Арыс каласындағы Алматы қаласы мен Түлкібас ауданына бекітілген 14 секторда орналасқан 500 үйдің әр 10 үйінен белгіленген азаматтардың басын қосып, жиын өткізді.
Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жиынның мақсаты тұрғындарды сабырлыққа шақыру, Алматы қаласынан келіп, құрлыс жұмыстарын жүргізетін компанияларға жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау көрсету және көрсетіліп жатқан алеуметтік көмектерге мұқтаж азаматтардың тізімін жасақтап бірлесе көмек көрсету барысын талқылау болды.
Жиынға қатысқан 14 сектордың белсенді азаматтары көтерілген мәселелерді бір ауыздан қолдап, қиын кезеңде бірге болып, қол ұшын созған Алматылықтар мен Түлкібастықтарға ризашылықтарын білдіріп, бір үйдің баласындай бірлесіп жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.