Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ ШТАБТЫҢ ЖҰМЫСЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ ШТАБТЫҢ ЖҰМЫСЫ

Түркістан облысы Арыс қаласындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою бойынша құрылған облыстық штабтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Түркістан қаласына 9-аумақ бекітіліп, тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылған болатын.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің тиісті шешімі шығарылып жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп,  9-аумақтағы 596 жеке тұрғын үйлер, 51 көпқабатты тұрғын үйлер, 6 әлеуметтік және  22 кәсіпкерлік нысандар анықталды. Сонымен қатар 9-аумақты 15 секторға бөліп, әр көшелерге 94 жауапты белсенділер белгіленіп бекітілді. Осы бекітілген жауапты белсенділер арқылы жергілікті халыққа жалпы күні бүгінге дейін 72 тн азық-түлік таратылды.

Сонымен қатар, Түркістан қаласынан келген арнайы техникалар арқылы 9-аумақтағы барлық көшелер бойындағы зардап шеккен тұрғын үйлер, кәсіпкерлік нысандар, әлеуметтік нысандардан шыққан 125 тн күл-қоқыс шығарылды. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті атқарылып жатыр.

Сонымен қатар Түркістан қаласы әкімдігі мен белсенді кәсіпкерлер, жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер атынан күні бүгінге дейін арыстықтарға арнайы көмек үшін азық-түлік, қаржылай қолдау көрсету өз жалғасын тауып отыр.

Пікір жазу