Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Жетісай ауданында мақта дақылын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өтті

Жетісай ауданында мақта дақылын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өтті

Бүгін Жетісай ауданында егістік алқаптарындағы агротехникалық жұмыстарды сапалы орындау және ағын сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту жөнінде семинар-кеңес өтті. Жылысу ауыл округі, Әл-Фараби елдімекеніндегі егістік қонысында өткен шараға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, ауданымыздағы барлық ауыл округ әкімдері, жер мамандары, шаруа қожалықтары, өндірістік кооператив, биолабораториялар мен биофабрикалар башылары, химиялық препараттарды жеткізуші кәсіпкерлер және «Қазсушар» мекемесінің аудандық бөлімшесінің мамандары қатысты.

Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Семинарда сөз алған аудан әкімі алдағы уақытта мақта дақылының зиянкестерімен күрес жұмыстарын күшейтіп, агротехникалық күтіп-баптау шараларын тиімді ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте әкім шаруаларды бірлесіп, ақылдасып, ұжымдасып жұмыс істеуге шақырды. Өйтпеген жағдайда зиянкестермен күрес жұмыстары нәтижесіз болмақ. Сондықтан шаруалар зиянкестермен күресте сапалы препараттар мен биотәсілдерді қай кезеңде қалай жүргізу керектігінен хабардар болуы тиіс. Осы мәселелер жөнінде республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар орталығы аудандық бөлімшесінің басшысы Қайрат Досаев сөз алып, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Оның айтуынша, биыл мақта дақылы кеш пісіп, жетілмек. Өйткені, биылғы ауа-райы мақта дақылын өсіруге қолайсыз болып тұр. Оның үстіне мақта ауданда жылдағыдан 20-25 күнге кеш егілді. Соның салдарынан мақтаның өсіп, өну процестері әр округте әр қилы. Бұдан бөлек, күннің ыстығы жетіспеуде, ол аздай түннің салқын болуы да пісіп, жетілуді едәуір тежеуде екен.
Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 45 мың гектар жерге мақта егілген.Ендігі мәселе – зиянкестермен күрес жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Бұл ретте шаруалар биолабораториялар мен биофабрикалардың тиімділігін пайдаланбақ. Егер бұл тәсілдер көмек бермей жатқанда ғана химиялық препараттардың көмегіне жүгінеді. Ал, қай препараттың қандай тиімділігі бар екенін мамандардан артық білетіндер жоқ. Семинарда сөз алған Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты филиалының директоры Берік Төреханов, «Әлем агро» компаниясының өкілі Асылжан Ниязбеков семинар қатысушыларына қажетті барлық мағлұматтарды беруге тырысты.


Семинар барысында ағын су мәселесі де сөз болды. Бұл жөнінде «Қазсушар» РМК Мақтарал өндірістік бөлімшесінің басшысы Шадат Омаров ағын суға қатысты қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді. Жиынды қорытқан аудан әкімі биылғы жылы ағын су тапшылығының алдын алу мақсатында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, шаруаларды ағын су көлемінің мол кезінде мақта суару шараларын ертерек бастауға шақырды.

 

Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Пікір жазу