Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАННЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАННЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Амангелдіұлы Абдуалиев 2018-2019 оқу жылында облыс және аудан атынан халықаралық және республикалық олимпиадаларда, конкурстар мен ғылыми жоба жарыстарында, спорт және өнер жарыстарында ең үздік деп танылған дарынды, талантты мектеп бітірушілерін облыс әкімінің алғыс хатымен және өз атынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аудан әкімі келген түлектер мен ата-аналарына ауданымыздың мәртебесін, абыройын асқақтатып жүргені үшін үлкен алғысын білдірді.
Аудан әкімінің қабылдауында болған түлектерді атап айтсақ: 1) Қашарбай Балжан Әбдірахманқызы — №41 А.Асанов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жоба жарысынды І орынды иеленген. 2) Меирбекқызы Феруза — №27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінің ІІ орын иегері. 3)Қараман Ажар Ақмырзақызы — №7 Төле би атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, Халықаралық «Ясауитану» байқауының бас жүлде иегері. 4) Абдірайымов Ғасыр Қанатұлы — №57 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, Облыстық «Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған» экологиялық байқау ІІ орын жүлдегері. 5)Убадулла Аяжан Абдіқадрқызы — №29 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, физика пәні бойынша облыстық ғылыми жоба жарысының ІІ орын иегері. 6) Серікбай Аружан Әлімқызы — №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының түлегі, Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының жеңімпазы.

7) Балабек Бақнұр — №71 жалпы орта мектебінің түлегі, Республикалық ақындар мүшайрасының І орын жеңімпазы. 8) Оспанова Дана Ермаханбетқызы — №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінің ІІІ орын иегері. 9) Анаров Арман — №28 Абылай хан атындағы жалпа орта мектебінің түлегі, Волейболдан Қазақстан чемпинатының «Үздік ойыншы» номинациясының иегері. 10) Қуанышбаев Асылжан Жүнісбекұлы — №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, жасөспірімдер арасындағы Республикалық ат спортынан (көкпар) ІІ орын иеленген. Барлық түлектерімізге алда күтіп тұрған үлкен өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіне, аңсаған армандарына қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып еліміздің көркеюіне үлес қосуына тілектеспіз.

Пікір жазу