Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 14 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ МАҚСАРЫ ӨНІМІН ЖИНАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 14 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ МАҚСАРЫ ӨНІМІН ЖИНАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері жыл сайын 12-15 мың гектар көлемінде мақсары дақылын егіп, мол өнім жинап келеді. 2018 жылы 13,5 мың гектар жерге егіліп, өнімділігі 10,5 центнерден айналып 14175 тонна мақсары жиналды.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жиналған өнімнің бір бөлігі 300,0 тонна ұрыққа қалдырылып, қалған бөлігі облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін зауыттарға сатылды («Арай», «МЖК» май зауыттары). Мақсары өнімінен өте жоғары сапалы экологиялық тұрғыдан май алынады. Дақыл қуаңшылыққа төзімді болуына байланысты, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыспалы егіске пайдаланып, жерді түрлі арам шөптерден тазарту үшін де егеді.
Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы – құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен мақсары егілген алқапқа мал түспейді.


2019 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері 12584 га жерге отырғызды. Биылғы көктемгі ауа райы жауынды-шашынды болуына байланысты ылғал мол болып. Егілген егістіктен 11,0 (13842,4 тонна) центнерден өнім алу жоспарлануда.

Пікір жазу