ТҮЛКІБАС: «Адал» шаруа қожалығы жылына 1200 тонна ірі қара мал етін өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған алаңдарды ашуды жоспарлап отыр. Жалпы қораларды соғу екі кезеңге бөлініп іске аспақ. Атап айтсақ, 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, 2020 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысы жоспарланып отыр. Нәтижесінде жылына шамамен 1200 тонна ірі қарамал еті өңдірілмек. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңге. Аталмыш жоба толығымен іске қосылған жағдайда жаңадан 25-30 адамға жұмыс орны ашылса, ауданымыздың бидай, арпа, шөп т.б мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін дихандарымыздың өнімдеріне сұраныстың артатыны айтпасада белгілі. Қазіргі таңда бұдан бөлек аудан аумағында 10-15 басты 337 мал бордақылау аланшаларында 3000 астам жылқы мен 2000 астам ірі қара мал бордақылануда.