Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жетісай ауданында диагностикалық орталық пен мектепке дейінгі даярлық нысанының құрылысы жүргізілуде

Жетісай ауданында диагностикалық орталық пен мектепке дейінгі даярлық нысанының құрылысы жүргізілуде

Түркістан облысы Жетісай ауданында жүргізіліп жатқан игі істер аз емес. Айталық, Жетісай ауданы Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагностикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аумағы атшаптырым нысанның құрылыс сәуір айында басталыпты. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр.


«Біздің салып жатқан нысанымыз диагностикалық орталық саналады. Алдағы уақытта тұрғындарға консультативтік және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету түрлерінің кең спектрін ұсынатын боламыз. Орталық замануи жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталады. Пациенттерге жоғары санатты дәрігерлер кеңес береді. Бұған дейін Шымкент, Түркістан қалаларына барып, тексеріліп жүрген аудан тұрғындары енді біздің орталықтан тексерістен өтуіне бар мүмкіндік жасалмақ», — дейді Сардар Шавкеев.
Шавкеевтер әулеті осыдан 3 жыл бұрын Жаңаауыл елдімекенінен өз қаражаттарына 150 орындық заманауи балабақша ашып берген болатын. Бүгінде ауыл тұрғындары балабақшаның игілігін көріп отыр. Қазірдің өзінде мұнда 150 бала тәрбиеленіп жатса, тағы 60 бала кезекте тұр екен. Осыны ескерген Сардар Бахтиярұлы сәуір айында балабақша жанынан 150 орындық мектепке дейінгі даярлық орталығының құрылысын бастап жіберіпті. Қазіргі таңда ғимараттың 2-ші қабаты қалануда. Аталған ғимарат алдағы желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Пікір жазу