Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАЗАЛЫҚ — ЖАННЫҢ АЙНАСЫ

ТАЗАЛЫҚ — ЖАННЫҢ АЙНАСЫ

Бүгін еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Бірге», «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына отырарлықтар да біркісідей жұмыла атсалысып, өз үлестерін қосты. Ауданымыздың барлық ауыл округтерін қамтыған шараға тұрғындармен қатар, мекемелер, кәсіпорын қызметкерлері де белсенділікпен қатысты. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ауыл округі әкімдерінің алдын ала белгілеп берген нысандары бойынша сенбілікке келген қатысушылар қоршауларды сырлау, көшелерді қоқыстан тазартып, саябақтар мен арық бойларындағы арамшөптерді шабу секілді жұмыстарды белсенділікпен атқарды.

4000-ға жуық отырарлықтар қатысқан сенбілікке аудандағы 33 техника жұмылдырылды. Жалпы бұл сенбілікті өткізудегі негізгі мақсат — азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару болатын.

Бұл орайда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші туған жеріміздің таза да тартымды, көркем де көрікті болуы үшін қоршаған ортаның тазалығын қадағалаудың маңызын ескерген шараға қатысушылар сенбілікті жоғары деңгейде өткізді.

Пікір жазу