Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті сала басшыларымен, аудандағы ағын су мәселесіне шешу жолында істелініп жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК тиеісілі каналдар мен қашыртқыларды аралап көрді.
Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жалпы аудан бойынша ұзындығы 629,0 шақырым 145 дана канал және ұзындығы 403,2 шақырым 147 дана қашыртқылар бар. Барлық су жүйелері ұзындығы 1032,2 шақырымды құрайды. Республикалықменшікте 3(үш) су бөгеті (Ошақты, Бес-Абдал, Оймауыт) және 25,0 млн м3 су сиымдылығы бар Ақылбексай су қоймасы бар. Келес ауданы бойынша биылғы жылға аудан бюджетінен 120 шақырым канал, 1 шақырым қашыртқыны механикалық тазалау үшін қаржы қаралып, бүгінгі таңда механикалық тазалау жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Облыстық бюджеттен Араншы-2 каналы 13,9 шақырым, Ұшқын ауылдық округіндегі қашыртқылар 77,1 шақырымға тиісті қаржылары қаралып, қазіргі таңда Араншы-2 каналы толық тазалаудан өткен. Ұшқын ауылдық округіндегі қашыртқылардың 25-30 % тазалау жұмыстары орындалып отыр. Қошқарата елді мекенінде орналасқан Келес өзенінен өтетін Дюкер гидроқұрылымы ағымдағы жөндеуден өтті. «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК-ның меншігіндегі су нысандарын қалпына келтіру туралы бюджеттік бағдарламасы аясында Келес ауданы аумағында орналасқан Ақтөбе а/о Киров каналын, Қошқарата а/о Қошқарата каналын, Бесқұбар лотокты каналы, Біртілек а/о Кәміл каналындағы гидроқұрылымдарды, Шошым каналындағы су түсіргісін, Ошақты а/о Тартулы каналындағы су тоспасын, Саңырау каналында су басқару бекетінің ғимаратын ағымдағы жөндеуге «Экстра Сервис Қазына» ЖШС тарапынан сметалық құжаттар әзірленген. Нәтижесінде, 350 га егістік жердің ағын сумен қамтамассыз етілуі жақсарады.
Бүгінгі таңда аудандық бюджеттен «Экстра Сервис Қазына» ЖШС тарапынан Саңырау кескен, Ашқабат каналы, Жиделі каналы, Шеңгелді каналы, Балтакөл каналы, Көлтоған қашыртқысы, Көтерме каналы, Жаханша каналыдарына сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК–і ауданның су пайдаланушылармен келісім-шарттарға тұрып лимиттегі қаралған ағын суды жеткізіп беруде, ауданда су тапшылығы жоқ. Су пайдаланушылырмен келісім-шартқа тұру жұмыстары жалғасуда. Аралау барысында аудан басшысы Ақментай Үсенұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тиісті бөлім басшыларына жылдың су тапшылығы сезілетін ең маңызды айында шарулар судан тапшылық көрмеуі керектігін баса айтты.