Атырау облысының әкімі №1 сектордағы жұмыс барысымен танысып шықты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бүгін Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен №1 сектордағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Айта кетейік, бүгінде аталған секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы әкімдіктері жауапты. Қазір мұнда 12 құрылыс компаниясының 471 құрылысшысы 458 үйді жөндеуден өткізіп жатыр. Сондай-ақ, құрылысқа 9 арнайы техника жұмылдырылған.
Бұдан бөлек, Жетісай ауданы әкімдігі аталған сектордағы қиранды құрылыс қалдықтарын шығарумен айналысуда. Шамамен тәулігіне 450 тоннаға жуық күл-қоқыс тасымалдануда. Бұл мақсатқа аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты 10 техника бөлініп, тоқтаусыз жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Жетісай ауданы әкімдігінің мамандары бекітілген секторда бір реттік әлеуметтік жәрдемақыға құжат қабылдау жұмыстарын жалғастыруда.