Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбековтің төрағалығымен ағымдағы жылға ауданның бюджетіне салық салу базасын ұлғайту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету іс-шараларының барысы туралы жиын өтті.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың транспорт, мүлік және жер салықтарының берешектерін азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Салық салу базасын кеңейту және берешектерді төмендетуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Төлеби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы — Өмірәлі Бердіғали төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс, төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарының табыстарынан ұсталатын жеке табыс, әлеуметтік салықтары, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтары, POS-терминалдар мен кассалық аппараттар орнату бойынша өзінің баяндамасын жасады.

Аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында ауданда жұмыс жасап жатқан жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың жұмыс барысына талдау жүргізу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан құрылған жұмысшы топтың атқарған жұмыстары туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансур Ашрапов баяндап өтті. Оның мәліметінше қала және ауыл округтерін аралау барысында жалпы 616 коммерциялық нысандар анықталып, ауданымыздың кәсіпкерлік бейнесін 49 демалыс аймақтары, 21 жалға берілетін үйлер, 369 азық-түлік сауда-саттық нысандары, 7 нотариус, 6 ломбард, 7 тіс емханасы, 20 дәріханалар, 12 наубайханалар, 9 ұялы телефон жөндеу орындары 12 есік-терезе жасайтын цехтар, 7 шаштараз, 14 құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа нысандар,14 тойхана, 42 кафе-шайханалар, 5 медициналық орталық, 10 шлакаблок өндіретін цехтар, 19 май ауыстыру бекеттері,10 құрылыс заттар сату дүкені, 11 қымызхана, 3 мал дәрігерлік аптека, 8 көлік жөндеу орталығы, 4 көлік жуу орны және 4 жем сату дүкені қалыптастырды.


Жұмысшы топтың қала, ауылдық округтерде жұмыс жасап жатқан жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік нысандарынан түсетін салықтық түсімдеріне талдау жасауы нәтижесінде 2 005,6 мың теңге көлемінде қосымша кіріс көздері анықталып, ауданның кіріс бюджетін ұлғайтқан.

Жиын соңында аудан басшысы әр қала, ауылдық округтерінің әкімдеріне өз аумағында кірістер органында тіркелмей жұмыс атқарып жатқан (ауылшаруашылығы техникасымен қызмет көрсету, такси қызметі және т.б.) жеке тұлғаларды және тұрғын үйлерді жалға беретін жеке тұлғаларды анықтап, кәсіпкер ретінде тіркетуге, қала,ауылдық округтер мен кірістер басқармасының мамандары бірлесіп салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.

Өз кезегінде бюджетке түсетін түсімдер төлебиліктердің өмір сүру жағдайын жақсартуға, ауданды абаттандыруға, жолдарды жөндеуге, әлеуметтік объектілер мен балалар алаңдарын салуға бағытталады.

 

Пікір жазу