Жәрмеңкеге жетісайлық шаруалар да атсалысты, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Бүгін Арыс қаласында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Онда облысымыздың барлық аудан, қалаларынан жергілікті 50 шақты тауар өндіруші 200 тоннаға жуық өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынуда. Солардың арасында жетісайлық шаруалар да бар. Аталған жәрмеңкеге Жетісай ауданының диқандары 20 тоннаға жуық бақша және көкөніс өнімдерін апарып, базар нарқынан 30 пайызға төмен бағада сатылымға шығаруда.
«Жермеңке жоғары дәрежеде ұйымдастырылыпты. Алымсақ та, сатушы да көп. Арыстық ағайындардың ризашылығы ерекше. Олардың әсіресе жазғы бақша дақылдары мен көкөніс түрлеріне сұранысы жоғары. Тәттілігі тіл үйірер қауын, қарбызға, қызанақ, балғар бұрышы, баклажан секілді көкөніс түрлерін де жақсы сатып алып жатыр», — дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Марат Әбуов.