Түркістан облысы Келес ауданының шаруалары арыста өткен жәрмеңкеде белсенділік танытуда, деп хабарлайды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкеге Келес ауданының шаруалары да белсенді атсалысып 7,5 тонна өнім ұсынған. Атап айтқанда тұрғындар күнделікті тұрмыста қолданатын қырыққабат, қияр, қызанақ, балғар қалампыры, жуа сынды өнімдерді арыс тұрғындары таласа алып, келестік шаруларға алғысын білдірді. Ауыл шаруашылығы өнімдері Арыс қаласының тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түсті. Арзан бағамен сатылып жатқан өнімдер арыстықтарға елеулі көмек болып тұр.
Келестік шаруалардың сапалы өнімдеріне Арыс қаласының тұрғындарының сұранысы жоғары . Өйткені, сатып алушылардың қарасы көп болып, аз уақыт ішінде өнімдердің басым бөлігі сатылып кетті.