Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС: КЕЛЕСТІК ДЕПУТАТТАР 12 СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫНА ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, АС БЕРДІ

АРЫС: КЕЛЕСТІК ДЕПУТАТТАР 12 СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫНА ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, АС БЕРДІ

Бүгін Түркістан облысы Келес ауданының мәслихат депутаттары ұйымдасып, Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайдан зардап шеккен 12 сектор аумағында орналасқан тұрғындарға дастархан жайып, ас берді.

Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Асқа Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков арнайы келіп, Арыс халына деген ерекше ықыласы үшін Келес аудандының халық қалаулыларына алғысын айтты. Сондай-ақ Келес ауданының бас имамы Айдарәлі Садиковта жиылған тұрғындарға сабырлық, шүкіршілік жайында насихат айтып, Құран оқылды. Арыстықтар үшін дұға етілді. Келестік депутаттардың қайырымдылық асына белсене қызмет еткен аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарына аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков алғысын білдірді.

Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға Келестік депуттар тарапынан қаржылай көмек берілді.  Көңілдеріне жылулық сыйлап, қастырынан табылған Келес халқына арыс қаласының тұрғындары ризашылығын білдіріп тарас-ты.

Пікір жазу