Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ УӘДЕЛІ МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАЛУЫ ҚАЖЕТ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ УӘДЕЛІ МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАЛУЫ ҚАЖЕТ

Шардара ауданының басшысы Қайрат Жолдыбай қала көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысынан да хабар алды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Астана және Әл Фараби көшелерінде бой көтеріп жатқан көпқабатты 40 пәтерлі екі үйдің құрылысымен, М.Әуезов, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектептеріндегі күрделі жөндеу жұмысымен, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан қосымша 300 орындық оқу корпусының, Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектебіне жаңадан тұрғызылып жатқан 60 орындық ғимараттың құрылысымен жете танысқан аудан әкімі мердігер компаниялардың белгіленген кестеден кешікпей, нысандарды уәделі мерзімде тапсыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, мемлекет қаржысына салынып жатқан бұл ғимараттардың сапасына да қырағылықпен бақылау қажеттігін ескертті. Тиісті мамандардың жауапкершілігі қатаң қаралатынын да еске салды. Қайрат Жолдыбайұлы тиісті бөлім басшыларына өз міндеттеріне немқұрайды қараған құрылыс компанияларына қатаң шара көру жөнінде тапсырма берді.

Пікір жазу