Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

МАҚТААРАЛДА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Бүгінде кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалып, жеңілдетілген төмен пайызды несиелер берілуде. Адал кәсіппен айналысамын деушілерге арнайы оқу курстары өткізіліп, бизнес-жобаларға қолдаулар көрсетілуде.


Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы аясында тұрғындарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуда. Аталмыш бағдарлама бойынша ауданда тағы 37 адам 1 айлық курсты толық тәмамдап, бизнес жоспарларын қорғап шықты.
Айта кетейік, бұл бағытта наурыз айынан бастап 120 азамат оқып, куәліктерін алған. Бәрі де өз кәсіптерін бастауға дайын.
Сонымен қатар «Бастау бизнес» жобасын бітірген тыңдаушылардан 30 жобаға қолдау көрсетілсе, көктемгі дала жұмыстарына 162 шаруа қожалықтарына 298 060 000 теңге берілген. Одан бөлек «Жетісай несие» несие серіктестігі тарапынан тағы 26 жоба қаралуда. Маусым айында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші және екінші бағытттары бойынша оқыған 29 тыңдаушыға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 505 мың тенгеден мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілген.
«Өңірдегі жұмыссыздықтың алдын алып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың бірден-бір тиімді тәсілі – кәсіпкерлікті дамытып, дұрыс жолға қою» дейді Түркістан облысы «Кәсіпкерлер палатасы» Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Пердебайқызы.

Пікір жазу