Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЛАГЕРЬДЕ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ

ЛАГЕРЬДЕ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ

Мақтаарал ауданы Қоңырат елді мекенінде орналасқан «Еркежан» балалар жазғы сауықтыру лагерінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен спорттық сайыс болып өтті.

Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Демалушылар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ойлау қабілеті мен ақылды қажет ететін спорт түрлерінен өткен сайыстың негізгі мақсаты – лагерь балалары арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау, аталмыш ойын түрлеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру болып табылады.
Ойын барысында қатысушылар лагерде уақыттарын босқа өткізбегендіктерін көрсетті. Бір-біріне оңайлықпен есе жібермей тартысты кездесулер болды. Десе де, сайыс болған соң жеңімпаз бен жеңілушінің болатыны анық.

Сайыс соңында қатарластарынан білімі мен ойындағы тәжірибесінің молдығы нәтижесінде оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар мен қатысушылар ұйымдастырушылардың алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Әрбір оқушы ойын жайындағы өз пікірлерімен бөлісіп, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не алғыстарын білдірді.

Пікір жазу