Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Бүгін Сарыағаш ауданында «NUR OTAN» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы, мемлекеттік қызмет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Сарыағаш аудандық филиалы, «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының Сарыағаш аудандық филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мәні халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу, жемқорлықпен күрес, бизнес ісін жүргізудегі әкімшілік кедергілерді азайту, аудан тұрғындарының бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, қоғамдық келісімді нығайту, жалпы қоғамда мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру болып табылады.
© DIDARBEK.kz