Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Садырдың төрағалығымен Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай және Шардара аудандарының әлеуметтік саладағы мәселелері бойынша 6 айда атқарылған жұмыстары туралы есеп беру жиыны өтті.
Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жиын барысында атаулы әлеуметтік көмек бойынша атқарылған жұмыстар, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуде жіберілген кемшіліктерді жою, артық төленген қаржыларды қайтару, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1 жартыжылдықта орындалуы және біріңғай жиынтық төлемдердің төленуі мәселелері бойынша 2019 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.
Мәжіліске Сарыағаш ауданның әкімі Қ.Абдуалиев, Келес, Мақтарал, Жетісай және Шардара аудандарының әкім орынбасарлары, жұмыспен қамту орталықтарының басшылары, бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері және салаға жауапты мамандары қатысты. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары тиісті аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.