Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЖАСТАР ТУРАЛЫ

ЖАСТАР ТУРАЛЫ

Жемқорлық жайлаған қоғамда жастарға орын жоқ! Өйткені, олар таза жолмен білім ала алмайды, таза жолмен жұмысқа орналаса алмайды, таза еңбегін көрсете алмайды. Жетпістегі жемқорлар «жекешелендіріп» алған лауазымдарға жастар жіберілмейді. Өйткені, «омақасып отырғандар» – «зиялы», олар – «ақындар», оларға тиісуге болмайды! Жетпістегілер отырып алса, жастарымыз қалай өспек? Бұл – бірінші мәселе…

Екінші мәселе – жастарымызға білім есіктерін айқара ашуымыз керек. Оқимын, білім аламын деген ұмтылысы бар жастарымыз қалаған оқу орындарына түсулеріне мүмкіндік туғызу керек. Болашағын ойлаған ел жастардың сауатын ашады, оларға білім береді. Сауатсыздық пен жауапсыздық жайлаған қоғамда жастарымыз өз орнын таба алмасы анық. Сондықтан, мемлекеттік грант жеңе алмаған жастарымыз ақылы оқуға тест қорытындысымен емес, емін-еркін қабылдану шарт.

Үшінші мәселе – Оңтүстіктен Солтүстікке көшіру саясатының астарында Солтүстік өңірлерін қазақтандыру жатса, ол жаққа буыны буыны қатпаған, оң-солын танып үлгермеген, өмірлік тәжірибесі жоқ жастарды емес, көзқарасы қалыптасқан, белгілі ұстанымы бар аға буынды жіберу керек. Сонда жастарымыздың туған топырағында қанаты қатайып, барынша өсуге мүмкіндігі туады.

Төртінші мәселе – «зиялылар» шақырылған жерге, «ақындар» шақырылған жерге, «қаламгерлер» шақырылған жерге, «ардагерлер» шақырылған жерге құрамы өзгермейтін «ұлы данышпандарымыз» ғана қатысады. Бір жиыннан екінші жиынға жаттап алған нәрселерін еш өзгертпестен айта жөнеледі. Сонда жаңа леп, жаңа серпін қайдан пайда болады? Өз араларындағы жемқорларын да қорғаштап, жақтап, сақтап жүретіндері де сондықтан…

Әсет Әссанди

Пікір жазу