Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТУР

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТУР

«Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры басталғаны жөнінде Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлаған болатынбыз.

Ақпараттық турға қатысушылар алғашқы  кезеңде облыстағы білікті БАҚ саласының өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері 2-4 тамыз аралығында облыстағы 15 қасиетті орынға сапарлайтын болады. Шәммет ишан мешіт-медіресесі мен мың жылдық тұт ағашынан бастау алатын баспасөз туры Үкаша ата, Жылаған ата орындары мен Сауран қалашығы, Есім хан кесенесі, Әзірет Сұлтан кешені, Яссы (Күлтөбе, Түркістан), Әлқожа кесенесі, Гауһар ана кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы, Қажымұқан Мұңайтпасов мазары сынды қасиетті орындарды аралаумен жалғасып, Ордабасы ауданындағы «Бірлік – Ордабасы» мемориалды кешенінде түйінделеді. Журналистер мен желі белсенділері ашық аспан астында арнайы палаткаларда түнейді.

Ал жалпы осы баспасөз туры аясында қатысушылар өңірдегі 40 киелі орынға саяхат жасап, жұртшылыққа насихаттайды.

Түркістан облысынан 20-дан астам нысан республикалық маңызы бар қасиетті, киелі жерлер тізіміне енгізілсе, 60-тан астам тарихи-мәдени ескерткіштер облыстық маңызы бар қасиетті, киелі орындар тізіміне кірген болатын. Осы нысандарға келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын және Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Үкашаата кесенесіне баратын автокөлік жолын салу, автотұрақ және орындықтармен қамту, Аппақ Ишан мешітінің шатырын ретке келтіру жұмыстары да қолға алынған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу