Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Дін істері үйлесім таба ала ма?

Дін істері үйлесім таба ала ма?

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Күлекеев, Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин бастаған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент қаласында Алматы, Астана қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының басшыларына арналған семинар өткізді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткізілген өңіраралық семинар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың құттықтау сөздерінен бастау алғанын айта кету керек. Облыс әкімінің жүрекжарды сөздерін жиналған қауымға ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жеткізді.
Семинар барысында, сонымен қатар, Жамбыл облысы ДІБ басшысы Ж.Омаров, Алматы облысы ДІБ басшысы Р.Есдәулетов, Қарағанды облысы ДІБ басшысы Н.Бикенов, Шығыс Қазақстан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Н. Беркимбаева, «Ақ ниет» ақпараттық-насихат және реабилитация орталығы» ҚҚ директоры А.Шәуметов, ДІК Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығының бөлім басшысы Д.Есенова, ҚМДБ Жастар ісі бойынша бөлім басшысы Алтынбек Ұтысхан және ДІК Аймақтық жұмыстар координациясы бас сарапшысы Б.Шерниязданов баяндама жасады.
Сондай-ақ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында дін тақырыбында жұмыс жасайтын журналистер үшін Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының интервьюі беріліп, ДІК Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығының бөлім басшысы Д.Есенова және Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының Діни ахуалды талдау және зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Қ.Бейсенғазиннің тараптарынан қаладағы діни ахуалды зерделеуге негізделген жұмыстар (тұрғындармен пікір алмасу, сұхбат, сауалнамалар) жүргізілді.
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы және Шығыс Қазақстан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры И.Беркимбаеваның қатысуымен білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, қала мешіттерінде дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалына түскен азаматтармен ҚМДБ Жастар ісі бойынша бөлім басшысы Алтынбек Ұтысханның арнайы кездесулері ұйымдастырылды.
Семинар жұмысы сұрақ-жауап пен пікір алмасуға ұласты.
Өз тілшімізден

Пікір жазу