Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы «Nur Otan» партиясының жіті бақылауында.
Түлкібас аудандық партия филиалының кезекті Саяси кеңес Бюросының отырысында бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған — көп балалы аналарға беріліп жатқан 21 000 теңгені үлестіру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау қағидаларының сақталу деңгейі және өзге де шешімін таппаған әлеуметтік мәселелер қаралды.
Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар, Елбасының «Құтты мекен» партиялық жобасын жүзеге асыру барысы, «БПҰ жұмыстарын жандандыру бойынша жол картасы» аясында берілген тапсырмаларды орындау туралы бірнеше бастауыш партия ұйымдары төрағаларының есептерін тыңдау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша тиісті баяндамаларды тыңдаған Бюро мүшелері, алдын ала жүргізілген саралау жұмыстары негізінде туындаған сын-ескертпелерін айтты. Отырыс қорытындысы бойынша, аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы — Н.Ә.Тұрашбеков мырза жоғарыда аталған мәселелер бойынша жұмыстарды оңтайландыру, оны тиісті жолға қою бойынша тапсырмаларды отырыс қаулысымен бекітіп, бақылаудың үздіксіз жүргізілетіндігін ескертті.